Табиғат жыршысыф
Жазушы Максим Зверев 90 жаста
Баршамыз білетін шындык - өдебиет коммунистік төрбиенін басты кұралдарынық бірі. Ал, оның ішінде, өрине, балалар әдебиетінін орны ерекше. Осы өдебиеттің аксакалы Максим Дмитриевич Зверев балалардың көңіліне үйіріліп, ойына оралатын көптеген шығармалардың авторы. Ол - балалар әдебиетінің өлемін кеңейтіп, көркейте түсіп келе жатқан аксақал жазушы.
Көркем әдебиеттін бүл саласындағы кайраткер өрі жазушы ғана емес, өрі үлағатты үстаз болуга тиіс. Сонда ғана ол балалар жанынын бағбаны бола алады. Бұл ретте табигатты танытудың, табиғат сүлулыгымен төрбиелеудің мән-маңызы өзгеше зор екені дөлел тілемейді. Өйткені туған жер, коршаған табиғат, аялы бесік, қалылтастырушы орта екені де белгілі. Оның үстіне бала өсерленгіштігін, оның табиғат сырларын білуге күштарлыгын, байкампаздык қабілеті тез жетілетінін ескерсек, талантты табигат жыршысы - бакытты жазушы. Максим Дмитриевич осынау көркем өлемнін өсерлі өдемілігін, көп кырлы көріністерін баланың ойы мен сезіміне, киялы мен арман-тілегіне сөйкес, үғымына сай, жеңіл, карапайым, жатык сөздермен баяндап береді, сүйіп суреттейді. Бүл кісі табиғатты өз тілінде сәйлете алады. Себебі айналамыздағы таңғажайып табигатгың да өз тірнгілік тілі, күлакка жагымды үні, өсем әуезі, галамат музыкасы бар. Міне, сол табиғаттың сырлы касиеттерін терең танып, төл өуез-үнін, сикыр-сазын тап баса алган талант кана көркемдікке кол жеткізіп, өзі де дамылсыз дамыган дарын гана өмір өрнегінен, тамылжыган табиғаттан тандаганын баланың тілімен татымды баяндай алады.
“Мен табигат күшағынан өзімнің әдебиеттегі даңғыл жолымды таптым, міне, содан да бүлак сыңгырын, инелік канатының ызыңын, күстың қүйкылжыта өн салғанын тыңдап, жауыннан кейінгі көк майса мен алманың жүпарын жүтып отырып, окырмандарыммен сырласамын”, - дейді жазушы. Бүл кісі “табиғат терезесін ашады да, кейбіреу осы күнге дейін зейін аудармаған өсемдік атаулыны окырман алдына жайып салады”.
Еңбеккор, байқампаз жазушы табигаттың талай тамашаларын түңғыш рет ашты десек орынды. Мәселен, “Түтқын көкек” деген өңгіме былай басталады: “Жуан терек діңінің бір қуысына үя салған кішкентей торгай шыбын-шіркей кағып, тамақтанып алмак боп, сыртқа шықты. Ол кайтып оралганда өз көзіне өзі сенбей калды, үядағы өз жүмырткасына баска бір жүмыртка косылып калыпты. Шыбын қаккыш торгай көршісінен:
- Көгілдір шымшык, сен жаңылысып, менің үяма жұмыртка салып кеткен жоксың ба? - деп сүрады.
- Ол не дегенің, көкетайым-ау, менің жүмырткаларым сарғыш дакты ғой. Мына жүмыртқаң көгілдір емес пе?..”
Осы үзіндіге зер салып көрейік. Мүнда “көк торғайдың жүмыртқасының сары дақты, көкектің жүмыртқасы көгілдір” деген үғым-білім ғана жаткан жок, табигаттын бір бөлшегі өз күйінде көрініп, өз тілінде сөйлеп түр. Мүндай карапайым суреттелген табигат өмірінің акикат шьщдық-ажары баланың көз алдына айкын елестеп, жадында калады.
Жазушының кандай шығармасьга окысак та, басты желі -табигат суреті арқылы жеткіншек қауымды табигатты сүюге, ягни мейірімге, тіршілікке деген кайырымдылыққа тәрбиелеу. М.Зверев баласы табиғатқа таныркай, қызыға қарап, оның райымен, “көңіл-күйімен” көңілін сергітіп, рухани нөр табады; айналадағы жаркын дүниеге жадырай карап, кызырады, қуанады, белгілі бір тіршілік иелеріне, жаны ашиды, аяп, аялайды. Табиғаттын кадірін, өмірдің паркын түсінеді. Осындай керкемдік куат-әсер жазушының “Қыска бәрі дайын ба?”, “Дөрігер сауыскандар”, “Түткын көкек”, тагы басқа да көптеген шыгармаларынан байқалады.
Үлы жазушы Мүхтар Өуезов бір мақаласында: “Жүрт айтпаган ойды айту - сирек үшырасатын бакыт”, - деген еді. Біздіңше, Максим Дмитриевич осындай соны ойды табигат сырын терең зерттеп, табигаттан байкагандарын ой елегінен откізу аркылы айтады. Жоне мүның көбінде басты кейіпкер -жазушьшьщ өзі. Осы ретте оның балалық шагын куога тартып жазган көркем шыгармалары атап айтарлыктай елеулі дүниелер. “1903 жылы мен сегізде едім. Барнаул кектемі. Өкеммен бірге коктемгі аңшылыкка шыктым... Табигатпен коян-қолтык келгенім тасыган су жиегіндегі кегалда карсы алган таңым жадымда ошпестей қалыпты. Үйге кайтқан соң, бірнеше апта өткенде, жаңагы сапарымды жазгым келді. Үлкен сызықты шокірт дөптеріне ірі-ірі өріптермен тұңгыш рет “оңгіме” жазып, әкеме көрсеттім”, - дейді жазушы. Осылайша сегіз жасында ол бірінші рет таудай талап тұлпарына қол арткан. Барнаул каласында реальдык училищенің жетінші сыныбьшда окып жүргенде өзінің жазушылык бейімін алгаш таныта бастайды.
Максим Дмитриевич өр алуан экспедицияларға катысып, кеп жыл бойы хайуанаттар парктері мен корықтарда галым-зоолог болып қызмет аткарады. Мұның өзі де оның табиғат жыршысы ретінде қалыптасуына есер еткен бір фактор болса керек.
1929 жылы “Ақ марал” деген алғашқы кітабын шыгарган жазушы кеп ұзамай-ак белді балалар қаламгерлерінің біріне айналды. Бүгінгі таңда жазушының шығармалары Одақ көлеміндегі халыктар тілдеріне коса көптеген шетел тілдеріне аударылып, тарап отыр. Жинактап айтсак, М.Зверев жүздеген әңгімелер мен ондаған повестердің авторы гана емес. Ол балаларга арналган “Қанатты тарту” атты көркемсуретті фильмнің жөне бірқатар ғылыми-көпшілік фильмдердің сценарийлерін де жазган. Сөйтіп, ол керкем өдебиет саласында 130 кітаптьщ авторы болып отыр.
Қазақстанга бауыр басқан жазушының натуралистік шығармаларыңда қазак жерінің табиғаты да сүйіспеншілікпен сырбаз суреттелінеді. Сондыктан мұндай туған республика табигатын тартымды бейнелеген жазушыньщ шығармаларын еліміздің жас окырмандары сұйсініп оқиды. Бір-ақ мысалға жүгінсек, “Естімеген елде коп” атты өңгіменің бар-жоғы мынау: “Қысқы кеш. Ымырт ерте коюланьш, кас карайьш келеді. Күн үзакка өбден шаршаған койшылар отарды кой кораға қамап, шай ішіп, жаы шакыру үшін үйге енгені сол еді, ит үріп, қорадагы кой дүргіліп кетті. Үйден жүгіре шыккан койшылар ө дегенде не болганын түсіне алмай, түрып калды. Қорадағы қой кақпаны бүзып шыгып, далаға бет түзеп, дүрліге өріп барады. Қас кагым сөтте койлардың маңырауымен, койшылардың абыр-дабырымен котан басы айқай-сүрен болды да кетті. Түн түнегіне сіңіп бара жаткан қойды койшылар каумалап жүріп, өрең кайырды. Олар кора ішінде өліп жаткан қасқырды содан кейін гана аңғарды. Сөйтсе, қасқыр үйден итті айтақтап шыққан адамдардан сескеніп, үйлыккан қойдың ортасына кіріп кетсе керек. Ал какпаға үмтыльш, дүрліккен койлар оны таптап өлтіріпті”. Бүл - кысқа да нүсқа өңгіменің үлгісі болса керек. Өйткені шымыр, сюжеті кызыкты. Әрі қарапайым баяндалган. Жазушы көбіне-көп окиғаны үзын-сонар суреттеп жатудан гөрі, осылайша түйіндеп, қызык жазуды максат түтады.
Жазушының жеке басына төн ізденімпаздық пен қарапайымдылықты, пайымдылык пен парасаттылыкты да жас жазушыларга үлгі десек орынды. Мүның езі көркем шыгарманың танымдык та, көркемдік те деңгейін көтеретін касиеттер болса керек.
Токсан жас - ага жасы гана емес, атаның да жасы. Сондай үлкен мүшеліне алуан да ажарлы шығармалармен келіп отырган Максим Дмитриевичті біз осынау торқалы тойымен қүттықтай отырып, өлі де балалар мен каламдас достарын куантатын тың шығармалар тудыра беріңіз дейміз.
Фариза УНГАРСЫНОВА,
поэтесса, лауреат
Государственной прелши Казахской ССР