Менін Ұстазым

 

 

1948—1949 оқу жылында Қазақтың Абай атындағы педагоггік ин-ститутының қазақ тілі мен әдебиеті факультеті 2-курсы студенттеріне “Логика” пөнінен Білөл Асфандияров деген мүғалім лекция оқыды. Әуелде бүл курсты тарих гылымының кандидаты (кейін доктор, белгілі ғалым болған) Әбді Түрсынбаев бастап еді. Бірақ ол бір-екі лекциядан кейін келмей қалды да, курсты Аспандияров жалғастырды. Білэл ага да таяуда ғана қорғаған тарих ғылымының кандидаты екен, бірақ логиканы да жақсы білетін, тәжірибелі маман болып шықты. Лекциясы жүйелі, пэнге байланысты еңбектерді молынан қамтыған өз алдына бір зерттеу сияқты көрінетін еді. Сөйтсек, Біләл ага сол кезде орыс ғалымдарының логика жайлы еңбектерін зерттеп оқып, бір жағынан қазақшаға аударып, пайдаланып жүріпті. Кейін мүны С.Н.Виногра-дов пен А.Ф.Кузьминнің “Логика” деген оқу қүралын аударып бас-тырған кезінде (1950) білдік. 1953 жылы бүл оқулық бір қатар толық-тырулармен қайта басылды. Оның орысшасын РСФСР оқу министрлігі, қазақшасын қазақ ССР оқу министрлігі оқулық ретінде бекітіп, мектептің пайдалануына үсынды.

 
Біләл аға қазақ тілін жетік білетін адам еді. Ол алғаш логиканың терминдерін қазақшаға аударып, жатық күйінде терминологияға кіргізді. Үғым, пікір, пікір қорыту, олардың түрлері жайлы мәліметтерді қара-пайым, түсінікті тілде түсіндіретін. Мысалдарды негізінен тілге, тіл заңына лайықтап алатын. Оның қазақ тілі мен оның терминологиясы-мен шүғылданып жүргенін елуінші жылдардың бас кезіндегі Қазақ-стандағы “үлтшылдық іздеу” науқаны түсында ғалымның да сөзге үшырап, тарихпен шүғылдану мүмкіндігі болмай қалған кезде, Тіл білімі институтына қызметке ауысқан түсында білдік. Біләл ағаның бүл саладагы еңбектерін, қабілетін жақсы білетін Ісмет Кеңесбаев ғалы-мға ара түсіп, оны өзі басқаратын институтқа қызметке алды.
 
“Үлтшылдық науқаны” сол түстағы белгілі тарихшы ғалымдар-мен (басқа да ғалымдар бар) бірге Біләл ағаның жазғандарынан сыңа-резулеп саяси қателік іздеді. Оның Бөкей ордасының тарихына байланысты көлемді зерттеуін (кезінде кандидаттық диссертация болып қор-ғалған) бастырмай, қолжазба еңбекті сынаумен шүғылданды. Басқа да еңбектері сынға үшырады.
 
Менің дәптерім — Біләл аға Аспандияровтың сол кезде бізге оқыған лекцияларының қолжазбасы. Соғыстан кейінгі қиыншылық түсында оқулықтар, оқу қүрадцарының, жалпы пенге қатысты әдебиеттің тап-шы кезі ғой. Сондықтан мен Біләл ағаның лекциясын өлім келгенше толық жазып отыруға тырыстым. Әрине, қандай лекциялық курстан болса да конспект жасау оңай шаруа емес. Сөйлеп түрған лекторды толық жазу қиынның қиыны. Сондықтан мен оның негізгі мазмү-нын, өзіме керек материалдарды сақтауға талаптандым. Бүгін оқып қарасам, лектордың да сөзін, сөйлемін, ой жүйесін де бірсыпыра сақ-тауға үмтылғаным байқалады. Бірақ оны логика курсының толық конспектісі деп қабылдауға болмайтыны түсінікті.
 
Үлы Отан соғысы кезіндегі мектептен кейін оқуымыз үзіліп қалып, жоғарғы мектепте жалғастыра алмай, білімге қүмартып, аңсап келген үрпақтьщ өкілі есебінде мен лекцияларды ылги алдынғы партада отырьш, оның мазмүнын толық жазуға тырысатын едім. Сол дөптерлерім кейін өзіме қатты көмектесті. Жоқ оқулықтың орнын толтырды. Сон-дай дәптерлердің біразы әлі де өзімде сақтаулы. Кейбіреулерін сол кезеңнің ескерткіші болсын деп, авторларына қайтардым. Ахмеда Ыс-қақов оқыған “Қазақ тілінің морфологиясы”, Садуақас Бакшилов оқыған “Жалпы тарих” курстарының да дөптері қалып еді. Кейін осы үстаздарымньщ кезекті бір мерейтойларында оларға шөкірт болғанымды есіне сальш, “архивіңце жатсын” деп, конспектілерімді сыйладым. Біләл аға мүндай күнді көре алмай өмірден ерте кетті. Оның артынан бала-сы Серік менің әкесінен оқығанымды естіп хабарласып жүрді. Оған мен осы дәптерді сыйладым. Сынақ кітапшамда өкесінің қолымен жазьш “отлично” деп қойған қолының ксеро көшірмесін бердім. Серік енді осы қолжазбаны бастырудың қамында жүр. Әке мүрасын жинап, жариялауда, оның есіміне байланысты деректерді іздестіруде Серіісгің жасап жүрген еңбегі үлан-ғайыр. Бүл бәрімізді де риза етеді. Артында ғылми жүмыстарымен бірге осы сияқты бала қалдырған Біләл аға еңбегі өлмейді деп білем. Ол шын мағнасындағы үстаз еді.
 
03.07.06.

Мухаметжан АБДЫХАЛЫКОВ, бывший Народный комиссар просвещения Казахской ССР, секретарь ЦК Компартии Казахстана по пропаганде и агитации, один из редакторов “Истории Казахской ССР” (Алма-Ата, 1943 г.), Почетный гражданин г. Алматы
 
<< К содержанию                                                                                Следующая страница >>